Халықаралық бокс федерациясы (IBF) қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлын орта салмақтағы әлем чемпионы атағынан айырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының президенті Рахымжан Ерденбеков мәлімдеді.
"IBF шешім шығарды. Бізге белгілі, IBF-тің қатаң ережелері бар, олар өз хатында осыған сілтеме жасады. Олардың хатына сәйкес Жәнібек Әлімханұлы 2026 жылғы 2 желтоқсанға дейін шеттетілді. Олардың ережелерінде кез келген салмақ дәрежесіндегі кез келген чемпион өз белбеуін тоғыз ай бойы қорғауы керек деп көрсетілген, яғни Жәнібек оны 2026 жылғы 4 шілдеге дейін қорғауы керек. Қазіргі жағдайға байланысты 2026 жылы 5 наурызда IBF директорлар кеңесі титулды дереу бос деп жариялау туралы шешім қабылдады. Федерация президенті ретінде бұл жағдай Жәнібектің командасына үлкен сабақ берді деп санаймын. ...Жәнібектің командасы бұл іс бойынша апелляциялық шағым түсіреді", - деді ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Айта кетейік, 2025 жылы желтоқсанда Жәнібек Әлімханұлы допинг тесттен өте алмады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова