Хорватияның Загреб қаласында күрес түрлерінен халықаралық турнир аяқталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
Соңғы жарыс күні отандастарымыз грек-рим күресінен 1 күміс, 5 қола медаль жеңіп алды.
Ислам Евлоев 97 келіге дейінгі салмақта финалға дейін жетіп, күміс жүлдегер атанды.
Ал Ербол Камалиев (60 келіге дейін), Аманғали Бекболатов (60 келіге дейін), Алматбек Аманбек (72 келіге дейін), Ибрагим Магомадов (82 келіге дейін) және Олжас Сырлыбай (130 келіге дейін) жарысты қола жүлдемен аяқтады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз