Футболдан Хорватия ұлттық құрамасы Ұлттар лигасының финалына жолдама алды. Шақпақ жейделі команда жартылай финалда Нидерланд құрамасын ұтты.
Роттердамда өткен ойынның негізгі уақыты 2:2 есебімен аяқталды. Бірінші болып Нидерланд құрамасы сапында Дониелл Мален гол соғып, командасын алға шығарды. Екінші таймда хорваттар екі гол соғып, камбек жасады. 55-минутта Андрей Крамарич пенальтиден есепті теңестірсе, 73-минутта Марио Пашалич командасын алға шығарды. Алайда ойынның аяқталуына 1 минут қалғанда Нидерланд құрамасы есепті теңестіріп кетті. Ноа Ланг қақпа алдындағы қарбаласқан сәтте өз мүмкіндігін ұтымды пайдаланды.
Хорватия құрамасы экстра-таймда жеңіске бастар жолды тапты. 98-минутта Бруно Петкович, 116-минутта Лука Модрич гол соғып, командасын финалға алып шықты.
Финалға шыққан екінші құрама Испания – Италия ойынынан кейін белгілі болады. Бұл екі құрама 15 маусым күні кездеседі.
Спорт эмоцияларының бас демеушісі 1XBET компаниясы "Чемпионға арналған пәтер" тамаша акциясын жариялайды. 1XBET компаниясымен бірге чемпион бол да, Алматының орталығындағы жап-жаңа пәтердің кілтін ал!