Бүгін, 2 мамырда, хоккейден Қазақстан құрамасы бірінші дивизиондағы 2026 жылғы әлем чемпионатындағы алғашқы матчін өткізеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Талғат Жайлауов шәкірттерінің алғашқы қарсыласы Литва командасы болады. Дивизионның барлық матчі Польшаның Сосновец қаласында өтеді.
Матч трансляциясы Қазақстан уақытымен 18:50-де басталады. Кездесуді Qazsport телеарнасынан, сондай-ақ Қазақстан хоккей федерациясының сайтында тікелей эфирде көруге болады.
Еске салайық, хоккейден Қазақстан құрамасы Украина, Франция, Польша, Литва және Жапония командаларымен әлемдік хоккейдің элиталық дивизионына қайта оралу үшін бақ сынайды.
Команда турнирде бірінші немесе екінші орын алған жағдайда элитаға қайта орала алады. Матчтер 2-8 мамыр аралығында Польшаның Сосновец қаласында өтеді.
2 мамыр, 19:00: Литва - Қазақстан;
3 мамыр, 15:30: Қазақстан - Жапония;
5 мамыр, 22:30: Қазақстан - Польша;
7 мамыр, 19:00: Украина - Қазақстан;
8 мамыр, 15:30: Қазақстан - Франция.
Қазақстан уақытымен.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз