Хоккейден әлем чемпионаты: Қазақстан командасы Жапонияны жеңді

Будапештте (Венгрия) өтіп жатқан хоккейден бірінші дивизиондағы жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы төртінші ойынын өткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Бүгін Сергей Старыгиннен тәлім алатын спортшылар Жапония құрамасына қарсы ойнады. 

Қазақстандық спортшылар 3:1 есебімен басым түсті.

Жеңімпаз командадан Егор Смолянинов (19-минут), Кирилл Ляпунов (29-минут) және Руслан Оспанов (54-минутта) гол соқты. Жеңілген командадан Казума Сасаки (7-минутта) шайбаны соқты.

Бұған дейін қазақстандықтар Венгрияны (5:2), Данияны (3:2) және Францияны (4:0) жеңген еді.

Турнирде жеңіске жеткен команда жоғарғы дивизионға жолдама алады. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!