"Әл-Наср" Сауд Арабиясы чемпионатының 12-туры аясында "Әл-Холудты" жеңді. Кездесудің басты қаһарманы қарсылас қақпасына үш гол соққан Криштиану Роналду болды. Ол кәсіби мансабындағы тарихи 1000 гол межесіне жақындай түсті, деп хабарлайды Massaget.kz.
Эр-Риядтағы "Әл-Әууал" стадионында өткен матчта алаң иелері 5:3 есебімен жеңіске жетті.
Қонақтар 16-минутта Жюльен Домингестің голымен есеп ашты. Арада сегіз минут өткенде Габриэл Анжело таразы басын теңестірді. 38-минутта Садио Мане "Әл-Насрды" алға шығарды. Алайда үзіліс алдында Лоик Эссомба есепті қайта теңестірді.
Екінші таймда алаң иелері басымдықты толықтай өз қолына алды. 66-минутта Роналду командасын алға шығарса, алты минуттан кейін тағы бір гол соғып, есеп айырмасын ұлғайтты. 81-минутта португалиялық шабуылшы үшінші голын енгізіп, хет-трик жасады. Есеп – 5:2.
Бұл 40 жастағы футболшының кәсіби мансабындағы 985-голы болды. Төреші қосқан уақытта Домингес тағы бір гол соғып, дубль авторы атанды. Алайда бұл "Әл-Холудты" жеңілістен құтқара алмады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
О. Сансызбай