5-8 наурыз аралығында Херенвен қаласында (Нидерланд) конькимен жүгіруден классикалық және спринтерлік көпсайыс бойынша әлем чемпионаты өтеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
Дүбірлі додаға Қазақстан құрамасы да қатысады. Әлем біріншілігінде үш спортшы ел намысын қорғайды.
Надежда Морозова классикалық көпсайыста сынға түседі. Ал Арина Ильященко мен Артур Галиев спринтерлік көпсайыста бақ сынайды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!