Мюнхендік "Бавария" клубының шабуылшысы Харри Кейн чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің екінші турында норвегиялық "Викингпен" матчте дубль жасап, Мессидің жетістігін басып озды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі vesti.kz-ке сілтеме жасап.
33 жастағы футболшы сырт алаңдағы кездесуде командасына есепті теңестіруге көмектесті. 54-минутта Кейн пенальтиді сәтті орындаса, араға алты минут салып екінші голын соғып, есепті 2:2-ге жеткізді.
talkSPORT мәліметінше, осы дубльден кейін Кейннің чемпиондар лигасында 30 жастан асқандар арасында соққан голдарының саны 40 матчта 36-ға жетті.
Осылайша, "Бавария" шабуылшысы Мессиден озып кетті. Аргентиналық футболшы 30 жасқа толғаннан кейін чемпиондар лигасының 48 матчында 35 гол соққан.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова