Харри Кейн мансабына қатысты маңызды шешім қабылдады

Харри Кейн мансабына қатысты маңызды шешім қабылдады
Фото: ©depositphotos/operations@newsimages.co.uk

Шабуылшы Харри Кейн "Бавария" клубымен келісімшартын ұзартады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Sky Sport журналисі Флориан Плеттенбергтің мәліметінше, тараптар жаңа келісімшарт бойынша келісімге келген. Қазір келіссөздер соңғы кезеңге жеткен.

Жаңа келісімшарт 2029 жылдың ортасына дейін жасалады деген болжам бар. Клуб пен футболшыға мәміленің кейбір талаптарын келісу ғана қалған.

Харри Кейн басынан-ақ мансабын басқа жерде жалғастыру нұсқасын қарастырмаған. Дереккөз мәліметінше, оның жоспары "Бавариямен" ынтымақтастықты ұзарту болған.

Харри Кейн мюнхендік клубта 2023 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Осы уақыт ішінде англиялық футболшы 154 ресми матч өткізіп, 152 гол соғып, 34 нәтижелі пас берді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget