Қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан Әзірбайжан астанасы Бакуде өткен Аббас Агаларовты еске алуға арналған жастар арасындағы халықаралық турнирдің күміс жүлдегері атанды.
67 келідегі финалда Төрехан ринг қожайыны Аббасгулу Шадлинскимен жұдырықтасты. Бұл жекпе-жек мерзімінен бұрын аяқталды - екінші раундта қазақстандық боксшы ары қарай жұдырықтасудан бас тартты.
Айта кетейік, Төрехан әйгілі Василий Ломаченкоға теңеп жүрген Қазақстан құрамасындағы Махмұт Сабырханның туған інісі.