Хаби Алонсо “Ливерпуль“ жұлдызын өзімен ала кетпек

Хаби Алонсо “Ливерпуль“ жұлдызын өзімен ала кетпек
Фото: "Реал" ФК

"Ливерпуль" клубының жартылай қорғаушысы Флориан Вирц мансабын басқа клубта жалғастыруы мүмкін, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Football Insider мәліметінше, 23 жастағы германиялық футболшының келесі клубы Лондонның "Челсиі" болуы ықтимал. "Көктердің" жаңа бас бапкері Хаби Алонсо Флориан Вирцпен қайта қауышуға мүдделі. Испаниялық маман бұған дейін футболшыны "Байер" клубында жаттықтырған еді.

Алайда "Ливерпуль" өз ойыншысын жіберуге асығар емес. "Қызылдар" Флориан Вирцті қомақты сомаға сатуға дайын, себебі клуб оны 125 миллион еуроға сатып алған болатын.

Айта кетейік, Флориан Вирц "Ливерпуль" сапына 2025 жылы қосылды. Осы уақыт аралығында 47 матч өткізіп, жеті гол соғып, он нәтижелі пас берді. Футболшының "Ливерпульмен" келісімшарты 2030 жылғы маусымның соңына дейін жарамды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget