Ғұсман Қырғызбаев Қытайдағы гран-при турнирінің алтыны үшін күреседі

Ғұсман Қырғызбаев Қытайдағы гран-при турнирінің алтыны үшін күреседі
Фото: ҰОК

Қазақстан құрамасының дзюдошысы Ғұсман Қырғызбаев Циндао қаласында (Қытай) өтіп жатқан гран-при турнирінде финалға шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

Қазақстандық спортшы 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жартылай финалда Рональд Лиманы (Бразилия) жеңді.

Шешуші белдесуде Ғұсман Қырғызбаев Хифуми Абе (Жапония) және Келвин Рэй (Франция) арасындағы кездесу жеңімпазымен күш сынасады.

Айта кетейік, алда Елдос Сметов те бақ сынайды. Олимпиада чемпионы 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола медаль үшін ресейлік Аюб Блиевпен белдеседі.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget