Гүлмарал Еркебаева күрестен Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды

Қазақстандық балуан Гүлмарал Еркебаева әйелдер күресінен Бішкекте (Қырғызстан) өткен Азия чемпионатында жүлдегерлер қатарына енді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

Отандасымыз 76 келіге дейінгі салмақта қола медаль жеңіп алды.

Үшінші орын үшін өткен белдесуде Гүлмарал Еркебаева Оңтүстік Корея өкілі Эн Жду Хванды 5:1 есебімен жеңді.

Айта кетейік, бұған дейін Марал Тәңірбергенова (50 келіге дейін) мен Елена Шалыгина (68 келіге дейін) қола жүлдеге бір қадам жетпей қалды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!