Грузиядағы Grand Slam турниріне қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі жарияланды

Грузиядағы Grand Slam турниріне қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі жарияланды
Фото: ҰОК

Тбилиси қаласында (Грузия) дзюдодан Grand Slam сериясының кезекті турнирі өтеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) жарысқа қатысушылардың алдын ала өтінішін жариялады.

Қазір Қазақстан құрамасы сапында 12 спортшы бар:

  • 60 келіге дейін: Мағжан Шамшадин, Талғат Орынбасар
  • 66 келіге дейін: Нұрқанат Серікбаев, Ақылжан Жұбатқанов
  • 73 келіге дейін: Аңсарбек Ғайнуллин, Әнуар Жұмагелдин
  • 81 келіге дейін: Мәди Амангелді, Асқар Нарқұлов
  • 90 келіге дейін: Барақ Арқабай
  • 100 келіге дейін: Бақжан Байтас, Бейбіт Мадеев
  • 100 келіден жоғары: Еламан Ерғалиев

Grand Slam турнирі 20-22 наурыз аралығында өтеді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget