- Негізгі бет
- Спорт
- Григорий Бабаян ЦСКА-дан...
Григорий Бабаян ЦСКА-дан кетті
Қазақстандық маман Григорий Бабаян ЦСКА ұжымның бапкерлер қосынынан неге кеткенін айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Бүгін ЦСКА командасы Алексей Березуцкийдің қызметінен босатылып, жаңа бас бапкердің тағайындалғанын мәлімдеді.
"Маусым аяқталғаннан кейін ЦСКА командасының бапкерлері қатарынан кететінімді айттым. Басшылық ол кезде асықпауымды сұрап, екі-үш апта ойлануымды сұрады. Дегенмен, қазір мен үшін карьерамда келесі қадамды жасау маңызды.
Мен үлкен клубта бас бапкердің көмекшісі ретінде жақсы жұмыс істедім. Жаңа адамдармен танысып, Ресей чемпионатын ішінен көруге мүмкіндік алдым. Бұл маңызды тәжірибе. Алайда қазір үзіліс алып, алға қадам басу керек. Бір апта бұрын, жаңа бапкер тағайындалатынын естіген кезде көмекші ретінде қалмайтынымды білдім. Қазір маған бұл қызмет қатты қызық емес. Ары қарай даму керек", - деп келтіреді Бабаянның сөзін "Чемпионат" порталы.
Еске салайық, осыған дейін Бабаянға ҚПЛ-да ойнайтын бірнеше команда қызығушылық білдіріп жатыр деген ақпарат шықты. 42 жастағы маман Қазақстанда "Алма-Ата", "Астана" және "Тобыл" командаларында жұмыс істеді.
М. Жәмішжанов