Грек-рим күресінің шеберлері әлем чемпионатының алтын медалі үшін бақ сынайды

Грек-рим күресінің шеберлері әлем чемпионатының алтын медалі үшін бақ сынайды
Фото: UWW

Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының екі өкілі Әзербайжанның Баку қаласында өтіп жатқан U17 санатындағы әлем чемпионатының финалына шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

48 келіге дейінгі салмақта Әли Алмас финалға жолдама алды. Жартылай финалда қазақстандық балуан Армения өкілі Арарат Аветисяннан 4:1 есебімен басым түсті. Енді шешуші белдесуде Ресей спортшысы Солтан Юсуповпен күш сынасады.

55 келіге дейінгі салмақта Дияр Аманәлі алтын медаль үшін белдеседі. Жартылай финалда грек-рим күресінің шебері Болгария өкілі Данимир Йордановты 8:1 есебімен жеңді. Келесі қарсыласы Венгрия спортшысы Кеве Ковач болмақ.

Айта кетейік, финал бүгін өтеді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget