Грек-рим күресінен Ұлттық құраманың бас бапкері тағайындалды

Грек-рим күресінен Ұлттық құраманың бас бапкері тағайындалды
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Грек-рим күресінен Ұлттық құраманың бас бапкері тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Қонысбек Төкенов грек-рим күресінен Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындалды. Осы қызметті атқарған Юрий Мельниченко енді командада бас бапкердің кеңесшісі ретінде жұмыс істейді", - деп жазылған хабарламада.

Юрий Мельниченконың жетекшілігімен Қазақстан грек-рим күресінен Париж Олимпиадасы (Демеу Жадыраев) мен былтырғы әлем чемпионатында 1 күміс медаль (Ержет Жарлықасын) жеңіп алды. Ал Қонысбек Төкенов бұған дейін 20 жасқа дейінгі Қазақстан командасының аға жаттықтырушысы болған.

Қонысбек Төкенов үшін бас бапкер қызметіндегі алғашқы ресми халықаралық жарыс 17-20 шілде аралығында Будапеште өтетін рейтингтік турнир болады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget