Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының балуаны Нұрсұлтан Тұрсынов Бішкек қаласында (Қырғызстан) өткен Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
87 келіге дейінгі салмақта үшінші орын үшін өткен белдесуде Нұрсұлтан Тұрсынов түрікменстандық Довлетмұрат Байрамовпен кездесті.
Қазақстандық балуан қарсыласын мерзімінен бұрын жеңіп, құрлық біріншілігін қола медальмен аяқтады.
Айта кетейік, Қахарман Қисыметов (77 келіге дейін) те қола жүлде үшін белдескен еді. Алайда ол өзбекстандық Дониерхон Накибовқа есе жіберді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!