Грек-рим күресінен Нови-Сад (Сербия) қаласында өтетін әлем чемпионатына қатысатын балуандардың тізімі жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
Бұл жарыста он қазақстандық спортшы ел намысын қорғайды.
- 55 келіге дейін: Ерасыл Мамырбеков
- 60 келіге дейін: Исхар Курбаев
- 63 келіге дейін: Нұрдәулет Қапас
- 67 келіге дейін: Бағдат Сабаз
- 72 келіге дейін: Мерей Мәулетханов
- 77 келіге дейін: Елдос Камелов
- 82 келіге дейін: Омар Сатаев
- 87 келіге дейін: Мақсат Сайлау
- 97 келіге дейін: Юсуф Мациев
- 130 келіге дейін: Джохар Узаров
Айта кетейік, әлем чемпионаты 20-27 қазан аралығында өтеді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова