Гран-при финалының қысқа бағдарламасында Шайдоровтың жұлдызы жанбады

Гран-при финалының қысқа бағдарламасында Шайдоровтың жұлдызы жанбады
Фото: ҰОК

Нагоя (Жапония) қаласында мәнерлеп сырғанаудан Гран-при сериясының финалы басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Байрақты бәсекеге Қазақстан атынан Михаил Шайдоров қатысып жатыр.

Қысқа бағдарламада отандасымыз бірнеше қатеге жол беріп, 71.30 ұпай жинады. Осылайша ол аралық есепте алтыншы орында тұр.

Жарыс көшбасшысы - жапониялық Юма Кагияма (108.77). Екінші орында тұрған спортшы: Шун Сато (Жапония) - 98.06. Үшінші орынға АҚШ спортшысы Илья Малинин (94.05) жайғасты.

Айта кетейік, ерлер арасындағы еркін бағдарлама 6 желтоқсанда өтеді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget