Головкиннің міндетті қарсыласы жекпе-жек қашан өтетінін айтты

Головкиннің міндетті қарсыласы жекпе-жек қашан өтетінін айтты

Орта салмақтағы WBA Super, IBF және IBO белбеулерінің иегері қазақстандық Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) шаршы алаңға наурызда оралуы мүмкін, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Бұл уақытты отандасымыздың міндетті қарсыласы бразилиялық Эскива Фалькао (30-0, 20 КО) айтты. 

Эскиваның айтуынша, ол АҚШ жеріне қаңтарда келіп, кездесуге дайындықты бастайды. 

"Жекпе-жек наурыздың соңында өтеді деген мәлімет бар. Бұл IBF талабы. Мен өз-өзіме сенімдімін. Бұл кездесуде жеңіске жете аламын", - деді Фалькао A Gazeta басылымына берген сұқбатында. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Esquiva Falcão (@esquivafalcao)

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Г. Досымшалова