Промоутер Том Леффлер қазақстандық супержұлдыз Геннадий Головкиннің одан арғы спорттық мансабының қалай жалғасатынын егжей-тегжейлі айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz.-ке сілтеме жасап.
"Геннадийдің қандай шешім қабылдайтынын көрейік. Менің білуімше, ол қазір үзіліс жасап, отбасымен уақыт өткізуде. Титулдық атақтарын талай мәрте қорғаған спортшы мұндай демалысқа әбден лайық. Ол өз уақытында кәсіпқой аренадағы ең мықты боксшылардың бірі болды. Менің ойымша ол қазір спорттық мансабына қатысты шешім қабылдауы тиіс, - дейді ол. "
Ол өзінің чемпиондық белбеулерінен бастарту арқылы орта салмақтағы өзге боксшыларға жол ашты. Алайда оның атағынан бастартуы боксты жалғастырғысы келмейді дегенді білдірмейді. Біз GGG-дің жоспарлары туралы әлі ештеңе естіген жоқпыз. "Канеломен" болған үш жекпе-жектен кейін, өзге де атақты боксшылармен шаршы алаңға шыққысы келеді. Оның командасы лайықты қарсылас іздеп жатыр деген үміттемін. Себебі ол әлі де бабында. Сенбесеңіз өткен жылы Риота Мұратаны Жапония жерінде қалай нокаутқа жібергенін қараңыз, - деді Леффлер Pro Box TV-ге берген сұхбатында.
Естеріңізге салайық, GGG соңғы рет өткен жылдың күзінде мексикалық Сауль "Канело" Альваерске трилогияда жеңіліп қалған болатын.
Айта кетейік біз осыған дейін Геннадий Головкиннің соңғы чемпиондық белбеуінен бас тартқаны жайлы жазған едік.
Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000 дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!