Головкиннің қарсыласы жақын күндері белгілі болады

Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) жақын күндері қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің қарсыласы белгілі болатынын хабарлады.

- Жақын күндері біздің ұлы чемпион Геннадий Головкиннің келесі кездесуі туралы ақпарат жарияланатын болады, - деп жазды «твиттер» әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында.

Айта кетейік, қазақстандық боксшы 23 сәуір күні шаршы алаңға шығады деп күтіліп отыр.