Аустралиялық орта салмақтағы спортшы Майкл Зерафа (30-4, 19 КО) аты аңызға айналған Геннадий Головкинге (42-2-1, 37 КО) WBA Super және IBF белдіктерін қорғау үшін жекпе-жек өткізуді ұсынды, - деп хабарлайды vRINGe.com.
Оның сөзінше, Аустралияда жекпе-жек өткізу - GGG үшін қаржылық жағынан тамаша нұсқа.
"Головкинмен жекпе-жек - мен қалайтын нәрсе. Ол мені ең оңай әрі қауіп төндірмейтін қарсылас деп санайтынын білемін. Солай делік. Қарсы емеспін. Бірақ мен оның қаржылық жағынан ең керемет қарсыласымын. Оның тағы қандай қарсыластары бар?" - дейді ол.
Зерафа өзінің қаржылық жағынан ең керемет ұсыныс екеніне сенімді.
"...Қолдау кепілдігін (қаржылық) алдым. Оның сөзсіз қызығушылық танытатынын білемін. Зерафа vs GGG. Қалай керемет естіледі? Қалай болғанда да, оның шешіміне қарамастан, келесі жекпе-жекте чемпион белбеуі үшін күресемін", - дейді ол.
Айта кетейік, Зерафа кейінгі жекпе-жегін қарашада өткізді. Ол кезде төрешілер шешімімен Данило Креатиді жеңді (8-1, 1 КО). Ал Головкин қыркүйекте рингке шықты. Жекпе-жекте қарсыласы мексикалық Сауль "Канело" Альварес (58-2-2, 39 КО) төрешілер шешімімен жеңді.
1XBET-пен жаңа жылдық жарыс басталды! Өз командаңызды таңдап, бағалы сыйлықтар ұтысына қатысыңыз!
Жаңа жылды спорт эмоцияларының бас демеушісі – 1XBET компаниясымен бірге жеңімпаз ретінде қарсы алыңыз!