Мексиканың Хуанакатланда қаласында Сауль "Канело" Альвареске ескерткіш қойылды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Мүсін биіктігі екі жарым метр. Осы қалада туып-өскен Альварес тұрғындарға алғысын білдірді.
"Балалығым өтіп, қазіргі күйіме жете алған мекендегі адамдардың алғысына бөлену мен үшін абырой. Хуанакатлан билігіне де рақмет және осы шараға қатысқан баршаңызға алғысымды білдіремін", - деп жазапты "Канело" Instagram-парақшасында.
Айта кетейік, "Канело" қыркүйекте өткізген кейінгі айқасында қазақстандық Геннадий Головкиннен басым түскен болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!