ESPN және бірнеше ақпарат көздерінің мәліметінше, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Канело Альварестің кезекті кездесуі Лас-Вегастағы T-Mobile Arena өтпеді, - деп хабарлайды sports.kz тілшісі.
Тартысты жекпе-жектің үшінші кезеңі 17 қыркүйекке жоспарланғанын жазған болатынбыз. T-Mobile Arena-да Головкин мен Альварестің алдыңғы екі жекпе-жегі өтті. Боксшылар 2017 және 2018 жылдары кездесу өткізген. Бірінші жекпе-жек тең нәтижемен аяқталса, екінші айқас төрешілердің шешімімен "Канелоның" жеңісімен аяқталды.