Бокс әлемінің танымал инсайдері, агент және менеджер Рик Глейзер қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Канело Альварес трилогия үшін қанша гонорар алатынын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz сайты.
"Канело-GGG жекпе-жегі Спенс-Кроуфорд жекпе-жегінен әлдеқайда ауқымды. Канело-GGG жекпе-жегінің бүкіл әлем бойынша табысы көп болады. Сондықтан бұл екеуінің жекпе-жегі, жалпы алғанда 80 миллион доллар табуға кепілдік береді", - деді бокс агенті Рик Глейзер.
Еске салайық, Головкин мен Альварес арасындағы үшінші жекпе-жек 17 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өтеді.