Геннадий Головкин мен Сауль "Канело" Альварес трилогия алдында көз арбасты, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Жылдың басты жекпе-жегінің бірі саналатын салтанатты іс-шара Лас-Вегаста өтті. Қос мықты көз арбасу сәтінде бір-біріне салқын қарады.
Еске салайық, Головкин мен Альварес арасындағы алғашқы жекпе-жекте жеңімпаз анықталмаса, екінші жекпе-жекте ұпай санымен мексикалық үздік деп танылған еді.
"Жекпе-жек апталығы бүгін ресми түрде басталды. Дайынбыз", - деген жазба қалдырды Головкин әлеуметтік желіде.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!