Дүниежүзілік бокс ұйымының (WBO) жаңа рейтингісі жарияланды, - деп хабарлайды vesti.kz тілшісі.
Қазақстандық боксшылардың рейтингтегі орындары:
Екінші орта салмақ (76,2 келіге дейін)
Геннадий Головкин үздік топ-15-ке еніп, 2-орынға жайғасты.
Орта салмақ (72,6 келіге дейін)
Бұған дейін 2-орында болған Жәнібек Әлімханұлы топ-15-тен шықты (осы нұсқада "уақытша" чемпион атануына байланысты);
Мейірім Нұрсұлтанов 12-орыннан 6-сатыға көтерілді.
Екінші жартылай жеңіл салмақ (59 келіге дейін)
Сұлтан Зәуірбек 14-орыннан 13-орынға көтерілді.