Супер орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық кәсіпқой боксшы Али Ахмедов (19-1, 14 КО) қашан шаршы алаңға оралатыны белгілі болды.
BoxRec.com ақпараты бойынша отандасымыз 14 желтоқсан күні жекпе-жек өткізеді. Бокс кеші Коста-Меседе (АҚШ, Калифорния штаты) өтеді. Қарсыласы кім болатыны әзірге белгісіз.
Али Ахмедов соңғы рет өткен жылдың қыркүйек айында кездесу өткізді. Лас-Вегаста өткен бокс кешінде америкалық Габриэль Росадоны (26-17-1, 15 КО) төрешілер шешімімен ұтып шығып, IBF NA және WBC Silver белбеулерін жеңіп алды.
Айта кетейік, Али Ахмедов Геннадий Головкинге тиесілі GGG Promotions компаниясы құрамындағы боксшы.