Әлем чемпионы Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) Қазақстанда IBF нұсқасы бойынша міндетті үміткер бразилиялық Эскива Фалькаомен (30-0, 20 КО) жекпе-жек өткізуі мүмкін, - деп хабарлайды Tengri Sport.
Журналист кіші Вилсон Балдини Twitter-де тараптар жекпе-жекке келіскенін жазды.
"Геннадий Головкин Фалькао Эскивамен жекпе-жек өткізеді. Жекпе-жек Қазақстанда өтеді. Әлем чемпионы командасы @DAZNBoxing-мен хабар тарату туралы келіссөздер жүргізіп жатыр. Жекпе-жек наурызда өтуі керек", - деп жазды Балдини.
Айта кетейік, бұған дейін Головкин келесі жекпе-жекте тек Фалькаомен емес, сонымен қатар, WBA-ның орта салмақтағы тұрақты чемпионы атағын иеленген тағы бір танымал кубалық боксшы Эрисланди Ларамен (29-3-3, 17 КО) кездесуі мүмкін екені белгілі болған еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!