- Негізгі бет
- Спорт
- Головкин карьерасын қашан...
Головкин карьерасын қашан аяқтайтынын айтты
WBA Super, IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) әзірге карьерасын аяқтамайтынын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
"Мен үшін карьерамды аяқтау туралы айту қиын. Денем спортты тоқтат дегенге дейін жүре беремін. Менің 160 фунт белбеуім бар, сондықтан алдағы жекпе-жекте жеңіске жету немесе жеңілу менің карьерамды аяқтауыма әсер етпейді. Бұл өзіме, денеме, ақыл-ойыма адал болу. Оларды тыңдау. Яғни, бүкіл жан дүнием мен тәнім спортқа қарсы болғанда ғана мансабымды аяқтаймын", - деді 40 жастағы Головкин Bleacher Report-ке берген сұхбатында.
GGG 17 қыркүйекте супер орта салмақтағы сөзсіз әлем чемпионы атағы үшін мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (57-2-2, 39 КО) үшінші жекпе-жегін өткізеді.
Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) мен Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) арасындағы үшінші жекпе-жек Лас-Вегастағы (Невада, АҚШ) T-Mobile Arena-да өтеді.
Еске салайық, екі мықты арасындағы үшінші айқас 17 қыркүйекке жоспарланған. Осыған дейінгі екі кездесу де дәл осы аренада өткен болатын. Алғашқы жекпе-жек тең есеппен аяқталса, екіншісінде төрешілер жеңісті мексикалық былғары қолғап шеберіне берген еді.
Г. Досымшалова