- Негізгі бет
- Спорт
- Головкин "Канеломен" трилогиясы...
Головкин "Канеломен" трилогиясы қарсаңында жаттығуынан видео жариялады
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) Reviewjournal.com сайтына берген сұхбатында мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (57-2-2, 39 КО) трилогияға дейінгі жаттығуларының жасына қарай қалай өзгергені туралы айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.
- Жасыңызға байланысты жаттығуыңызда қандай өзгеріс бар?
- Мен қазір жаңа бапкермен дайындалып жатырмын. Ол жаттығуыма біраз өзгеріс енгізді. Бұл төрт жыл оңай болған жоқ... Осы төрт жыл, төрт маусым секілді. Футбол, баскетбол сияқты командалық спорттың төрт мауысымда қалай өзгергенін қараңыз. Әсіресе карьерасын аяқтауға жақын қалған адамдар үшін қиын. Бірақ мен үшін көп нәрсе өзгерді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Еске салайық, 17 қыркүйекте Головкин мен "Канело" үшінші жекпе-жегін Лас-Вегастағы (АҚШ) алдыңғы екі жекпе-жек өткен T-Mobile аренасында өткізеді. Бірінші (2017 ж.) тартыста тең аяқталса, екіншісінде (2018 ж.) мексикалық жеңіске жеткен болатын.
Г. Досымшалова