Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен өтетін үшінші жекпе-жегі туралы айтты. Бұл Vesti.kz жазды
Журналистер жапон боксшысы Риота Муратаны нокаутпен жеңгеннен кейін GGG-ден күзде Альвареспен өтетін үшінші жекпе-жек туралы не ойлайтынын сұраған.
"Меніңше, бұл үшін барлық мүмкіндіктер бар. Біздің келесі жекпе-жек болады. Мамыр айының соңына дейін жағдайды білгім келеді", - деп келтіреді vRINGe.com оның сөзін.
Еске салайық, трилогия қыркүйек айына жоспарланған. Головкин мен Канело 2017 және 2018 жылдары кездескен. Олардың бірінші жекпе-жегі тартысты тең аяқталса, екіншісінде мексикалық төрешілер шешімімен жеңіске жетті.