WBA Super, IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) өзінің ең мықты қарсыластары туралы айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.
GGG сөзінше, ондай бірнеше қарсыласы болған, бірақ Головкин олардың арасына мексикалық Сауль "Канело" Альваресті қоспады.
"Менің қарсыластарым арасында чемпиондар да, міндетті үміткерлер де болды, олардың ішінде ең мықтысы "Канело" демес едім. Әрине, ол өте күрделі қарсылас, бірақ көріп отырсыздар, ол да жеңіледі... Әуесқойлардан кәсібиге ауыспаған бірнеше қарсылас болды. Олардың дағдылары мен тактикасы керемет еді. Үш раунд ішінде сенің стиліңді түсініп, жеңіске жету үшін ешқандай мүмкіндік қалмайтындай айқасатын" - деп жазды Boxingscene.com Головкиннің сөзін.
Еске салайық, Головкин мен "Канело" трилогиясы 17 қыркүйекте Лас-Вегастағы (АҚШ) T-Mobile Arena-да өтеді. Бірінші жекпе-жек (2017) даулы тең нәтижемен аяқталды, ал екіншіде (2018) төрешілердің шешімімен мексикалық жеңіске жетті.