Round by Round Boxing порталы қарсыластарына қорқыныш ұялататын ең мықты үш боксшыны атады. Рейтинг көшін кәсіпқой бокста 36 жеңіске (33 КО) қол жеткзіп, бірде бір рет жеңілістің дәмін татпаған қазақстандық Геннадий Головкин бастады. Екінші орынға портал журналистері ресейлік боксшы Сергей Ковалевті (30-0-1, 26 КО) лайық көрген. Ал «қорқынышты» боксшылардың үштігін америкалық Теренс Кроуфорд (29-0, 20 КО) тұйықтаған.