Жәнібек Әлімханұлы Геннадий Головкиннің шешімі туралы айтып, әлемнің басқа чемпиондарына үндеу тастады, - деп хабарлайды Tengri Sport.
"Головкинмен күресе алмағанымды бәрі біледі. Себебі ол - ағам. Ол барлық белдікті босатты. Мен енді орта салмақтағы барлық белбеуді ала аламын", - деп жазды қазақстандық.
Кейінірек ол орта салмақтағы WBO әлем чемпионы Эрисланди Лараға жекпе-жек ұсынған.
"Лара, күресейік! WBO чемпионы және WBA чемпионына қарсы!"- деді Әлімханұлы.
Содан кейін қазақстандық кәсіпқой бокстағы ұйымдарға біріктіруші жекпе-жек өткізу үшін жүгінді.
"Мақсатым барлық атақты 160 фунтқа жинау екенін бәріңіз білесіздер. Менің ойымша, уақыт келді", - деді Жәнібек.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!