Гимнаст Милад Карими Хорватияда күміс медаль жеңіп алды

Қазақстандық гимнаст Милад Карими Хорватияның Осиек қаласында өткен Әлем кубогы кезеңінде екінші орынға ие болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

Милад Карими кермедегі жаттығуда күміс жүлдеге қол жеткізді. Финалда отандасымыз 14,933 ұпай жинады.

Бірінші орынды 15,233 ұпаймен Тайбэй өкілі Тан Цзяхун иеленді. Ал колумбиялық Анхель Барахас 14,833 ұпаймен үшінші орынға тұрақтады.

Айта кетейік, бұған дейін ат снарядындағы жаттығуда Зейнолла Ыдырысов күміс жүлде еншілесе, Нариман Құрбанов қола медаль жеңіп алған болатын.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз