GGG емес! "Канело" жұдырықтасқысы келіп жүрген жалғыз боксшыны атады

GGG емес! "Канело" жұдырықтасқысы келіп жүрген жалғыз боксшыны атады
Фото: ©twitter.com/Canelo

Екінші орта салмақта абсолютті әлем чемпионы атағына ие мексикалық Сауль "Канело" Альварес білегіне жасатқан отадан кейін жаттығуына кірісті. 32 жастағы боксшы жылдағыдай мамыр айының басында шаршы алаңға көтерілмек, қарсыласын бірер аптада анықтайды, - деп жазады Allboxing.ru.

Екі жарым ай гольфсыз, бокссыз күн кешу қиын болды, іш пысты. Ота сәтті өтті, енді қайта рингке шыға аламын. Әзірге кім қарсылас болатынын білмейміз. Әлі де бірер апта білегім қалай болатынын байқап көреміз, сосын барып қарсылас жайлы ойланамыз", - дейді мексикалық.

Сауль Альварес тағы жұдырықтасқысы келіп жүрген бір боксшы бар. Ол жартылай ауыр салмақта WBA чемпионы – Дмитрий Бивол. Онымен осыған дейін өткізген кездесуінде жеңілген еді.

Бір нәрсе өзгеріссіз қалады. Ол менің мансабым үшін маңызды болса, мен оны жасаймын. Қазір мен биволмен қайта жұдырықтасуды қалаймын. Бұл қазір мен ойлап жүрген жалғыз жекпе-жек, - дейді.

Спорт эмоцияларының бас демеушісі – 1XBET компаниясымен чемпионды бірге таңдайық!

Н. Үсенова