Кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (42-2-1, 37 KO) футболдан Қазақстан құрамасының Солтүстік Ирландияға қарсы ойынына арнайы келеді. Бұл туралы боксшы instagram желісіндегі парақшасында жазды.
2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясындағы Қазақстан мен Солтүстік Ирландия құрамалары арасындағы ойын 10 қыркүйек күні "Астана Аренада" өтеді.
Жақында үйімізге ораламыз. Ең алдымен, футболдан ұлттық құрамамызды қолдап, жанкүйерлер жанынан табыламыз ????, - деп жазды боксшы.
Айта кетейік, Геннадий Головкин 2022 жылдың қыркүйек айынан бері шаршы алаңға шыққан жоқ. Сондай-ақ орта салмақтағы бірнеше чемпиондық белбеуінен де бас тартты.
Футболдан Қазақстан құрамасы кеше Финляндиядан ұпай еншілей алмады. 5 ойыннан кейін 9 ұпай жинап, "Н" тобында 4-орында келеді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз