Геннадий Головкин шаршы алаңға қашан оралады? – промоутер жауабы

Промоутер Том Леффлер орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкиннің қашан шаршы алаңға оралатыны жайлы сұраққа жауап берді, – деп хабарлайды Vesti.kz

Бокс маманы айтуынша, Гена отбасымен көбірек уақыт өткізу үшін демалыс алған. 

GGG бокста үлкен жетістік биігін бағындырды. Оның мансабына көз салатын болсақ, 23 рет қатарынан қарсыласын нокаутпен жеңгені бар. Чемпиондық атағын 20 рет қорғап, әйгілі Бернард Хопкинстің рекордын жаңартты. Қазір мансабында үзіліске шығатындай дәрежеге де жетті. Ары қарай не шешім қабылдайтынын көрерміз. Көп жанкүйер менен оның қашан шаршы алаңға шығатынын сұрайды. GGG өзін әлемге ең мықты боксшы екенін дәлелдей білді. Сондықтан да боксшының шешімін күтеміз, көрерміз, ол ойлануда", - дейді Леффлер. 

41 жастағы қазақстандық боксшы соңғы рет 2022 жылы Лас-Вегаста Сауль "Канело" Альвареспен жұдырықтасып, қарсыласына төрешілер шешімімен жол берген еді. Кейіннен WBA, IBF және IBO чемпиондық атақтарынан бас тартты.  

Айта кетейік, жақында жасанды интеллект GGG мен "Канело" арасындағы даулы жекпе-жек жеңімпазын анықтаған еді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!