- Негізгі бет
- Спорт
- Геннадий Головкин мен...
Геннадий Головкин мен Әбілқайыр хан “ел тұлғасы” атанды
Бүгін Алматыда «Ел тұлғасы» ұлттық жобасының қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар арнайы дипломдармен марапатталды.
«Бұл байқау бірінші рет 2012 жылы өткізілген болатын. Сол жылы жоба бойынша 120 мыңдай адам дауыс берді. Ал биыл дауыс беруге 350 мыңнан астам адам қатысты. Яғни, үш есе көп. Бұл, жобаның қоғамда сұранысқа ие екендігін, ұлттық сана-сезіміміздің дәуірлеп жатқандығын білдірсе керек», – деді өз сөзінде жобаны ұйымдастырушы «Exclusive» мультимедиялық порталының бас редакторы Қарлығаш Еженова.
Бұдан кейін жеңімпаздарды марапаттау рәсімі басталды. «Ел тұлғасы» жобасында халықтың қолдауына ие болып, жеңімпаз атанған, бірақ бүгінгі шараға келе алмай қалған немесе өмірде жоқ тұлғалар бойынша дипломдарды олардың өкілдері келіп алды.
Байқауда сегіз аталым бойынша дауыс берілді. Олар: «Бизнес», «Қоғамдық қызмет», «Мәдениет және өнер», «Спорт», «Ғылым», «Жаңа есім», «Қазақстан тарихындағы тұлға» және «Ұсынылған үміткерлер» аталымдары.
Сонымен, «Ел Тұлғасы» ұлттық жобасының жеңімпаздары:
«Қоғамдық қызмет» аталымы:
Досым Сәтбаев – 6299 дауыс
«Бизнес» аталымы:
Сержан Жұмашев – 5843
Тимур Құлыбаев – 5368
Райымбек Баталов – 4063
«Мәдениет және өнер» аталымы:
Батырхан Шүкенов – 5037
Ермек Тұрсынов – 3933
Ақан Сатаев – 3909
«Ғылым» аталымы:
Төрегелді Шарманов – 6881
Асқар Жұмаділдаев – 6382
Зұлхаир Мансұров – 5884
«Спорт» аталымы:
Геннадий Головкин – 7093
Илья Ильин – 6928
Қанат Ислам – 6773
«Жаңа есім» аталымы:
Аружан Сайын – 8751
Нұртас Адамбаев – 8120
Аида Қауменова – 7017
«Қазақстан тарихындағы тұлға» аталымы:
Абай Құнанбаев – 9015
Дінмұхамед Қонаев – 8997
Қаныш Сәтбаев – 8983
«Ұсынылған үміткерлер» аталымы:
Әбілқайыр хан – 5985
Алексей Полтаранин – 5874
Нұрлан Смағұлов – 5688
Дауыс бергендердің жалпы саны 350 258 адамды құраған.
Бұл жерде едәуір көп дауыс «Қазақстан тарихындағы тұлға» аталымы бойынша берілген – 62 мыңнан астам адам.
Бүгінгі шараға қатысқан жеңімпаздар жобаны ұйымдастырушыларға өз ризашылықтарын білдірді.
Дереккөз: Nur.kz
Е. Жұмабайұлы