Орта салмақтағы әлемнің бұрынғы чемпионы Геннадий Головкин (42-2-1, 37 KO) жекпе-жек өткізуді жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ол Asian Boxing уақытша президенті және Таиланд бокс қауымдастығының басшысы Пичай Чунхаваджирамен кездесуінде айтты.
Геннадий Головкиннің айтуынша, тағы бір жекпе-жек өткізуді ойлап жүр, ол Қазақстандағы қоштасу айқасы болмақ.
"Мүмкін Қазақстанда тағы бір жекпе-жек өткізермін", - деді ол.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!