Геннадий Головкин: Жетістік күші

Орта салмақтағы WBA (Super), WBC (Interim), IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық кәсіби боксшы Геннадий Головкин Samsung Electronics компаниясымен бірге жұмыс істеу туралы келісім шартқа қол қойды, − деп хабарлайды massaget.kz тілшісі. 

Әлемдік бренд саналатын Samsung компаниясының басшыларының айтуынша, компания атағы жер жарған боксшымен кездейсоқ келісім шарт жасамаған. Компания мен боксшы арасында ортақ дүниелер көп екен. Олар: күш, қуат, ес, дизайн және салмақ.