Геннадий Головкин (42-2-1, 37 KО) WBA мен IBF ұйымдарының бірлескен шешімімен титулдарын бразилиялық үміткер Эскива Фалькаоға (30-0, 20 KO) қарсы жекпе-жекте қорғайды, - деп хабарлайды Boxingscene.com.
Головкинге орта салмақта WBA-ның екінші титулын иеленген Эрисланди Ларамен (29-3-3, 17 KO) жекпе-жек өткізуге келісу үшін 30 күн берілген. Бұл мерзім бітер кезде GGG-ге қарсылас ретінде Фалькао бекітілді.
Головкин мен Фалькао командасының өкілдері әлі пікір білдірген жоқ, себебі ұйымдар әлі ресми хабарламаған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!