Гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Сингапурды жеңді

Гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Сингапурды жеңді
Фото: olympic.kz

Гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Нью-Делиде (Үндістан) өтіп жатқан Азия чемпионатының топтық кезеңіндегі соңғы матчын өткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Отандастарымыз Сингапур командасына қарсы ойын өткізді. Нәтижесінде Қазақстан құрамасы 39:7 есебімен жеңді.

Осылайша, қазақстандықтар үш ойынның екеуінде жеңіске жетті. Бұған дейін олар Қытай құрамасынан басым түскен еді. Тек Оңтүстік Кореяға есе жіберді.

Айта кетейік, әр топтан екі команда плей-офф кезеңіне шығады. Қазақстанның топтық кезеңдегі орны Оңтүстік Корея мен Қытай арасындағы матчтың нәтижесіне байланысты анықталады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

М. Лес
Logotype Massaget