Футзалдан Қазақстан құрамасының Еуропа чемпионатындағы қарсыластары анықталды

Бүгін Сербия астанасы Белградта футзалдан 2016 жылғы Еуропа чемпионатының жеребесі тартылды. Қазақстан ұлттық құрамасы Ресей және Хорватиямен бірге «С» тобына түсті.

Белградтағы дода 2016 жылдың 2-13 ақпан аралығында өтеді. Әр топтан екі команда плей-офф кезеңіне шығады. Қазақстан құрамасы 3 ақпан күні Ресеймен ойнаса, араға 2 күн сала Хорватиямен кездеседі.

Жеребе қорытындысы:

«А» тобы: Сербия, Португалия, Словения. 
«тобы: Испания, Украина, Венгрия. 
«С» тобы: Россия, Хорватия, Қазақстан
«D» тобы: Италия, Чехия, Әзірбайжан

Айта кетейік, Какау жаттықтыратын Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінің топтық кезеңінде екінші орын алып, плей-оффта бір жолдамаға таласуға мүмкіндік алған-ды. Бұл жолдамаға Босния және Герцеговина құрамасымен таласқан отандастарымыз екі ойында да қарсыластарын ірі есеппен ұтты. Нәтижесінде Еуропа чемпионатына тұңғыш рет жолдама алған болатын.