"Қайрат" футзал клубы Задарда Португалияның "Бенфика" командасын ұтып, Чемпиондар лигасының жартылай финалына шықты. Ойында қазақстандық клуб 6:2 есебімен жеңіске жетті.
16 минутта Гадейя "Қайратты" есепте алға шығарды. Алайда араға бірер минут сала "Бенфика" командасы сапынан Хосе Мария Жезуш есепті теңестірді.
Екінші таймда алматылық клуб екінші рет есепте алға шықты. 31 минутта Эдсон мергендігімен көзге түсті. Алайда Игита алаңнан қуылып, оны жас қақпашы Нарун Серіков алмастырды. 35 минутта "Бенфика" таразы басын теңестіріп кетті.
Ойынның негізгі уақытында командалар 2:2 есебімен тең тарқасып шықты. Экстра-таймда "Қайраттың" асығы алшысынан түсті. Бірінші экстра-таймда Дәурен Тұрсағұлов шеберлігімен көзге түсіп, "Қайратты" кезекті рет алға шығарды. Бұл гол жеңіске бастар жолды ашты.
Екінші экстра-таймда Гадейя дабл-пенальтиді сәтті орындап, дубль жасады. Одан кейін Фернандиньо мен Біржан Оразов "Бенфика" қақпасына тағы бір-бір голдан соқты.
"Қайрат" жартылай финалда "Барселона" және"Доюовец" командаларының ұтқанымен кездеседі.
1/2 финалдағы ойындары 1 мамыр күні, ал финал 3 мамырда өтеді.