Футболдан Замбия әйелдер құрамасының капитаны Барбра Банда жынысты анықтайтын тестен өте алмай, құрамадан шығарылды, - деп хабарлайды lenta.ru басылымы.
Басылым мәліметінше, Африка футбол конфедерациясының (CAF) бақылауына алынған спортшының қанын талдау кезінде тестостерон деңгейінің тым жоғары екені анықталған. Сонымен қатар, турнирді ұйымдастырушыларына Замбия құрамасының шабуылшысының ірі дене бітімі күдік тудырған.
Банда Замбия құрамасында 2016 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Клуб деңгейінде ол Шанхай Шэнгли намысын қорғайды. 2020 жылы футболшы 13 матчта 18 гол соғып, Қытай чемпионатының үздік бомбардирі атанды.
19 маусымда Daily Mail халықаралық футбол федерациясының тестостерон шегін алып тастау жоспары туралы хабарлады, бұл трансгендерлік спортшылардың әйелдер турниріне кіруін жеңілдетеді.