Бүгін, 20 қарашада Швейцарияның Ньон қаласында УЕФА Ұлттар лигасының 2026/27 жылғы маусымындағы плей-офф және өтпелі матчтардың жеребесі тартылды, деп хабарлайды Massaget.kz.
1/4 финалда мына құрамалар кездеседі:
Испания – Франция
Нидерланд – Португалия
Норвегия – Англия
Бельгия – Германия
А және В лигалары арасындағы өтпелі матчтар:
Босния және Герцеговина – Дания
Венгрия – Сербия
Ирландия – Хорватия
Словения – Уэльс
В және С лигалары арасындағы өтпелі матчтар:
Кипр – Солтүстік Македония
Эстония – Румыния
Фарер аралдары – Грузия
Беларусь – Израиль
Ұлттар лигасының ширек финалдық ойындары, сондай-ақ А/В және В/С лигалары арасындағы жоғарылау және өз орнын сақтап қалу жолындағы өтпелі матчтар 2027 жылдың наурыз айында өтеді.
Ал финалдық кезең 2027 жылдың 9-13 маусымы аралығына жоспарланған.